
🌍 Халықаралық жетістік: АҚШ-қа академиялық сапар! 🎓
2025-02-20 | Құттықтау
🔹Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, PhD Жұлдыз Нұрланқызы АҚШ Мемлекеттік департаменті ұйымдастырған «Multi-modal and digital language teaching competencies in the English Language Classroom» гранттық бағдарламасын жеңіп алып, Америка Құрама Штаттарына бару мүмкіндігіне ие болды!
🌍 Бұл бағдарлама аясында Жұлдыз Нұрланқызы Невада университетінде ағылшын тілін оқытуда медиа және ақпараттық сауаттылықты дамытуға бағытталған оқу курсынан өтіп, сондай-ақ Лонг-Бич қаласында өтетін TESOL халықаралық конвенциясына қатыспақ.
✨ Бұл үлкен жетістік! Жұлдыз Нұрланқызын құттықтай отырып, жемісті оқу мен жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!