6В01703 - Орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасын 2021 жылға арналған талқылау
Жоғары білім беру сапасын жақсарту оны жоғары білімнің еуропалық кеңістігінің ұсынымдары мен стандарттарына сәйкес және отандық және әлемдік озық тәжірибелерді ескере отырып реформалаумен байланысты.
Құзыреттілік тәсіл негізінде және кәсіби стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын жыл сайын жаңарту және әзірлеу жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейтудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.
06.05.2021 ж. шет тілдер кафедрасында 6В01703 - Орыс тілі мен әдебиеті" 2022 жылға арналған білім беру бағдарламасын дамыту мәселесі талқыланды. Отырысқа кафедраның ПОҚ, студенттер, магистранттар қатысты. Қатысушылар кадрлық қамтамасыз етуді, білім беру бағдарламасының ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуін, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, база-практикамен қамтамасыз етілуін, ББ іске асыру процесін ақпараттық қолдауды, ББ іске асырудың әдістемелік қамтамасыз етілуін ескере отырып, ББ әзірлеу және жаңарту бойынша өз ұсыныстарын айтты. Отырыста "қазіргі орыс тілінің синтаксисі" пәнін 2 дербес - "жай сөйлем синтаксисі" және "күрделі сөйлем синтаксисі"пәндеріне бөліп, 2022 жылға арналған 6В01703 – Орыс тілі мен әдебиеті ББ өзгерту туралы шешім қабылданды.