• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
6B02305 - Филология (қазақ) -журналистика
B037 Филология білім беру бағдарламаларының тобы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
2022 жыл - 12 орын 6В02305 «Филология (қазақ ) - журналистика» білім беру бағдарламасы (ББ) «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Филология факультетінің қазақ филологиясы және журналистика оқу кафедрасында жүзеге асырылып отырған 6B023 «Тілдер және әдебиет» дайындау бағыты бойынша әзірленді. Білім беру бағдарламасының басты ерекшелігі – филология және журналистика салалары бойынша кіріктірілген білім беру бағдарламасы ретінде нарық сұранысына жауап беретін, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Базалық және кәсіпке бейімдейтін пәндердің 60% филология саласына арналса, 40% журналистика саласы бойынша пәндерден тұрады. Білім алушылар оқу, өндірістік, дипломалды практикаларға да екі сала бағыты бойынша баратын болады.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
Мақсаты
Филология мен журналистика салалары бойынша арнайы кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген, зерттеушілік, әлеуметтік-коммуникативтік және БАҚ салаларындағы қызметтерді жүзеге асыруға қабілетті филолог-журналистерді даярлау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    «6В02305 – Филология (қазақ)-Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры.
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    - ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер; - әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында әдеби кеңесші; - газет пен журнал редакцияларында әдеби қызметкер, корректор, редактор - журналист, репортер; - баспасөз хатшысы; - комментатор; жаңалықтар жүргізуші; - модератор; продюсер; редактор; - қоғаммен байланыс маманы; қарым-қатынас бойынша менеджер; - эксперт-менеджер; спичрайтер; - веб-редактор; редактор және стилист; - жарнама агенті.
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6 ( 6.1; 6.2; 6.3; 6.4 -деңгейшелер)
  • Кәсіби қызмет саласы
    - ғылым - БАҚ - баспа ісі - әкімшілік-басқару және ұйымдастырушылық - жарнама агенттігі - желілік ақпараттық құрылымдар - еңбек нарығының сұранысына орай басқа да мәдени, әлеуметтік, гуманитарлық салалар.
  • Кәсіби қызмет нысаны
    – ғылыми-зерттеу мекемелері – газет, журналдардың редакциялары – радио мен телевидение – баспа орындары – мәдениет ұйымдары (мұражай, кітапхана, т.б.) – мамандықтың профилімен сәйкес келетін басқа да нысандар
  • Кәсіби қызмет түрлері
    филология (лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология т.б.) салаларында зерттеулер жүргізу; - мәдениет саласында ағартушылық жұмыстар; - баспа өнімін түзету, редакциялау; - ақпараттық-аналитикалық; - ақпараттық-анықтамалық; - ақпаратты-креативті; - көркем-публицистикалық; - мәдениет, басқару мекемелерінде, мәдениетаралық қатынас саласында және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы қызметтер
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
1 модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Бұл модуль әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білім, коммуникативтік іскерліктер, қоғам дамуының қазіргі заманғы үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану аспектілерді ашады.

2 модуль. Мамандыққа фундементальды дайындық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Бұл модуль мамандық туралы ақпарат бере отырып мамандық таңдау, мамандық таңдауға әсер ететін факторлар, білім бағдарламасы негізінде қалыптасатын құзіреттіліктер, мамандықтың қыр-сыры туралы мәліметтер береді.

3 модуль. Лингвистикалық білім тарихы мен теориясы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Бұл модуль лингвистикалық білім теориясы мен тарихын меңгерте отырып, тілдік білімдерін нығайтуға бағытталады.

4 модуль. Әдебиет пен журналистика: теориясы, тарихы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль әдебиет пен журналистика салаларының теориялық мәселелеріне жеке-жеке тоқтала отырып, тарихы тұрғыдан қалыптасу кезеңдері мен дамуы турасында ақпараттар береді.

5 модуль. Ақпараттық-когнитивтік технологиялар

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модульда қазіргі ақпараттық жүйе, электронды БАҚ қолданысы, заманауи медиатехнологиялар турасында оқытылады.

6 модуль. Тіл прагматикасы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модульда қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері, прагмалингвистика, этнолингвистика, функциональды стилистика мен дискурс дефиницалары қарастырылады.

7 модуль. Кәсіби коммуникация

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модульда болашақ мамандық иесін кәсіби тұрғыдан дайындауда, кәсіби құзіреттілігін арттыруда оқытылатын оқу курстары қамтылады.

8 модуль. Тереңдетілген теориялық дайындық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модульда мамандыққа қатысты теориялық материалдарды терең, жан-жақты, заманауи тұрғыдан меңгеруге қажетті оқу курстары берілген.