• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
6B01706 - Қазақ тілі мен әдебиеті-ағылшын тілі
B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
Білім беру бағдарламасы білім алушыларды қабылдауды тоқтатуға және/немесе бітірушілердің болмауына байланысты Атамекен-2022 рейтингіне қатысқан жоқ 6В01706 «Қазақ тілі мен әдебиеті-ағылшын тілі» білім бағдарламасы «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ филология факультеті «қазақ филологиясы және журналистика кафедрасы» және шет тілдер кафедрасы оқытушылары, жұмыс беруші тарапынан Семей қаласының №37 ЖОББМ директоры және қазақ тілі мен әдебиеті-ағылшын тілі мамандығының 4 курс студентінің қатысуымен әзірленді. 6В01706 «Қазақ тілі мен әдебиеті – ағылшын тілі» білім беру бағдарламасының өзіндік басты ерекшелігі қазіргі білім беру жүйесіндегі талаптар мен сұраныстарға сәйкес қазақ тілі мен әдебиетін және ағылшын тілдерін қатар оқытуға қабілетті маман даярлап шығару. 6В01706 «Қазақ тілі мен әдебиеті – ағылшын тілі» білім беру бағдарламасы халықаралық стандарт деңгейін есепке ала отырып қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілінің мұғалімі ретінде, барлық деңгейлерде қазақ тілі мен әдебиетін және ағылшын тілін оқытудың мазмұнын жоспарлау; білім беру процесін ұйымдастыру және өткізу тәсілдерін анықтау; тілдік құзыреттілікті сақтау сапасын басқару және бақылау және дамыған болашағы бар және ойлау қабілеті бар мультимәдени адамды қалыптастыру бағытында жүргізіледі. Білім беру бағдарламасы жоғары оқу орны жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқытуды, сондай-ақ оның әлеуметтенуін және қоғамға кірігуін көздейді.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 203 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 25 кредитін игеруі, 12 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
Мақсаты
Білім беру саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, кәсіби қызметі саласындағы міндеттерді өз бетінше қоюға және шешуге қабілетті, қарқынды дамып келе жатқан көптілді және көпмәдениетті әлем жағдайларындағы қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілін қатар меңгерген кәсіби білікті маман қалыптастыру
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    «6В01706 - Қазақ тілі мен әдебиеті –ағылшын тілі» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    - Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі мұғалімі білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында; - Аударма саласында(мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында) - ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер); - әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында); - ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде); - өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде) - әдеби кеңесші болып табылады.
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6 (деңгейі 6.1; 6.2; 6.3; 6.4 )
  • Кәсіби қызмет саласы
    Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы еңбек нарығының сұранысына сәйкес анықталады: ▪ білім беру; ▪ ғылым; ▪ аударма ▪ білім беру саласындағы әкімшілік қызметтер (орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары); ▪ әлеуметтік-гуманитарлық қызметтердің басқа да салалары (мәдениаралық қатынас); • құжаттар тілін жүргізу;
  • Кәсіби қызмет нысаны
     жалпы білім беру және бейіндік мектептер  орта (гимназиялар, лицейлер) және арнаулы орта (колледждер, техникумдар) оқу орындары;  ғылыми-зерттеу мекемелері;  баспа ісінің қызметкері  мамандықтың профилімен сәйкес келетін басқа да нысандар бола алады;  бастауыш мектептер;  мамандандырылған мектептер;
  • Кәсіби қызмет түрлері
    қазақ тілі мен әдебиеті-ағылшын тілі білім беру бағдарламасының бітіруші түлегі төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: 1) оқыту; 2) тәрбиелеу; 3) әдістемелік; 4) зерттеушілік; 5) әлеуметтік-коммуникативтік. – қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілін оқыту; – білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру; – баспа өнімін түзету, редакциялау; – лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология салаларында зерттеулер жүргізу; – ресми-іскерлік құжаттарды дайындайды; – мәдениет саласында ағартушылық жұмыстар жүргізеді; – ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асырады; – білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтік басқа да салаларында филологиялық білімді қажет ететін кәсіптік қызметтерді жүзеге асырады.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
Әлеуметтік-ақпараттық және саяси білімдер негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Ғылыми, этикалық, әлеуметтік мәселелерді шешуде ақпараттық материал жинақтап, ойлаудың қазіргі заманғы мәдениетін және ғылыми ізденістің методологиялық стратегиясын, белсенді азаматтық позиция тұлғаның құқықтары мен еркіндігін құрметтеу мен толерантты әлеуметтік өзара қатынастар дағдыларын қалыптастыруға қабілетті.

Мәдениетаралық коммуникация

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Тұлғааралық және мәдениетаралық өзара әрекеттесу мәселелерін шешу жолында ауызша және жазбаша түрде орыс және шет тілдерінде сөйлесу қабілетіне ие.

Педагогикалық-психологиялық даярлық негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Өзін физикалық және адамгершілік тұрғыдан жетілдіру, зияткерлік-мәдени және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында танымдық әдіс-тәсілдерді қолдануды біледі

Фундаментальды дайындық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Әдебиеттану ғылымы мен лингвистиканың негізгі теориялық тұжырымдамаларын анықтайды, өз бетімен танымдық бағытта ойлау мен талдау қабілетін қалыптастырады, болашақ мамандық бойынша атқарылатын іс-шаралар түрін, мазмұнын, қызметі мен міндеттерін зерттеп біледі

Әдеби-лингвотанымдық білімді қалыптастыру негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Тіл мен әдебиет ресурстарын тиімді пайдалануда іргелі лингвистикалық және әдебиеттану бағытындағы жаһандық мәселелері туралы пайымдауларды қалыптастырады және оны кешенді талдауға қабілетті.

Әдістемелік даярлық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

психологиялық, педагогикалық және әдістемелік білім жүйесі бойынша алған теориялық білімдерін нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардағы кәсіби қызметте қолдануға дағдыланады.

Кәсіби бағытталған коммуникация

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

ағылшын тілінің нормаларына сәйкес ауызша және жазбаша түрде хабарлама береді, лингвистикалық теория мен тілдік бірліктерді практикалық талдау арасындағы параллельді жүзеге асырады.

Шет тілдерінің теориялық негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

негізгі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық құбылыстарды қамтитын тіл білімі жүйесін, оқытылатын шет тілінің функционалды заңдылықтарын меңгереді, көркем мәтінмен жұмыс істеу негізінде сөйлеу дағдысын дамытады, теориялық білімдерін практикада сынақтан өткізеді.

Тереңдетілген теориялық дайындық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

тіл білімі және әдебиет теориясы мен тарихы, филологиялық талдау және мәтінді түсіндіру саласында алған білімдерін өзінің зерттеу қызметінде қолдана біледі