• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
7M01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті
М017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 7М01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Қазақ филологиясы және журналистика оқу кафедрасының оқытушылары, жұмыс берушілер мен білімалушылар қатысуымен әзірленді. ББ әзірлеуде басшылыққа ғылыми, педагогикалық, әдістемелік бағыт алынды. Жоғары оқу орнының компоненттері ретінде базалық және кәсіптендіру пәндері енгізілді. Базалық пәндер циклы болашақ магистрдің мамандыққа байланысты фундамендалды білімін қалыптастыруға бағытталады. Кәсіптендіру пәндері циклы кәсіптік қызметтің белгілі бір саласында қолданылатын әлеуметтік білім, біліктілік, дағды құзыреттіліктермен анықталады.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл.
Мақсаты
Жоғары және орта арнайы оқу орындарында іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    - жоғары оқу орнының білім беру үдерісі шеңберінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; - білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру; - ғылыми-зерттеу институттарында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; - өкілетті және жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқаруда инновациялық үдерістерді қолдауын қамтамасыз ету;
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    7 (7.1, 7.2)
  • Кәсіби қызмет саласы
    білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру; жоғары оқу орнының білім беру үдерісі шеңберінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; ғылыми-зерттеу институттарында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; өкілетті және жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқаруда инновациялық үдерістерді қолдауын қамтамасыз ету.
  • Кәсіби қызмет нысаны
     ғылыми-зерттеу институттары;  ғылыми-зерттеу орталықтары;  жоғары оқу орындары;  кәсіптік білім беретін оқу орындары;  орта мектептер;  оқу орталықтары; білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру; жоғары оқу орнының білім беру үдерісі шеңберінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; ғылыми-зерттеу институттарында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; өкілетті және жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқаруда инновациялық үдерістерді қолдауын қамтамасыз ету.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    -Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі - Білім беру (педагогикалық) –қазақ тілді және өзге тілді топтарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: - Мектепте факультативтік сабақ ұйымдастырушы; - Ғылыми-зерттеуші (ғылыми-зерттеу мекемелерінде аға ғылыми қызметкер); - Әдеби-шығармашылық бағыттағы (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында) әдеби кеңесші; -БАҚ мекемелерінде әдеби қызметкер, корректор, редактор; - Ұйымдастырушы-басқарушы; - Өндірістік-басқарушылық қызмет; - Білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде; -Іс қағаз жүргізушісі;
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
Модуль 1. Әлеуметтік-лингвистикалық және ғылыми-педагогикалық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Социолингвистикалық құзыреттілікті қалыптастыруға және кәсіби қызметте іргелі ғылыми-педагогикалық, басқарушылық, коммуникативтік білім мен дағдыларды қолдануға ықпал етеді.

Модуль 3. Қазақ тілі және әдебиеттің өзекті мәселелері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Тіл білімі мен әдебиеттану аясындағы заңдылықтарды, олардың теориялық негіздерін игереді; функционалды грамматика жүйесінде қарастырған ғылыми ой-пікірлерге талдау жасайды, қазақ тілінің барлық салаларының даму заңдылықтары мен өзгеру бағдарларын айқындай алады. Тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелеріне қатысты білімді жүйелейді.

Модуль 2. Жоғары мектеп негіздері және оқыту әдістемесі/

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Филология бағытындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми қызмет дағдыларын меңгеруге қажетті білімді игереді. Зерттеуге қажетті ғылыми әдістерді бағалап, нақты филологиялық зерттеудің міндеттерін шешу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Бітіруші кәсіби қызметін іске асыру үшін психологиялық-педагогикалық (ұйымдастыру- педагогикалық, білім беру-педагогикалық) білімді меңгереді.