• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
6B01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті
B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
2022 жыл - 7 орын 2023 жыл - 6 орын 2024 жыл - 6 орын 2025 жыл - 2 орын 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің филология факультеті «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасы оқытушылары, жұмыс беруші тарапынан Семей қаласының «Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ және «А.Байтұрсынов атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директорлары және «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 3 курс студенттерінің қатысуымен әзірленді. «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының өзіндік басты ерекшелігі – қазақ және қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен мұғалімдер даярлауға бағытталған бағдарлама болғандықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің негізгі ғылыми-практикалық курстары, әдістемелік бағыттағы курстармен қатар, орыс тілді аудиторияларда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кіріктірілген пәндерді де («Қазақ және орыс тілдеріндегі салғастырмалы грамматика», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі» пәндерін) қамтиды. Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасымен білім алушылар білім беру (педагогикалық), ұйымдастыру-басқару, ғылыми-зерттеу, баспа ісі, құжаттар тілін жүргізу, аударма, БАҚ, тағы басқа қызмет бағыттары бойынша да маманданады.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
Мақсаты
Ғылыми-гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімдерді қалыптастыру негізінде үздіксіз жетілдіру қағидасын жүзеге асыратын,жеке тұлға, қоғам және мемлекеттік міндеттері мен қажеттілігіне сай білім беру және тәрбие бағытында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін енгізе отырып өзін-өзі дамытатын және басқаратын тұлға қалыптастыру.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    «6B01701 - Казақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    -Білім беру (педагогикалық) -қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: -қазақ тілді, сонымен қатар қазақ тілді емес өзге тілді жалпы білім беретін орта мектептерде ; - лицей, гимназияларда; - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында. - мектепте факультативтік сабақ ұйымдастырушы. - ғылыми-зерттеуші (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер); - әдеби-шығармашылық бағыттағы (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында) әдеби кеңесші; - БАҚ мекемелерінде әдеби қызметкер, корректор, редактор; - ұйымдастырушы-басқарушы (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде); - өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде) қызмет; - орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде, білім бөлімдерінде, яғни мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде әдіскер; - аударма саласында (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында, білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында)аудармашы. - білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында ісқағаз жүргізушісі;
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6 (деңгейі 6.1; 6.2; 6.3; 6.4 )
  • Кәсіби қызмет саласы
    Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы еңбек нарығының сұранысына сәйкес анықталады: ▪ білім беру; ▪ ғылым; ▪ білім беру саласындағы әкімшілік қызметтер (орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары); ▪ әлеуметтік-гуманитарлық қызметтердің басқа да салалары (мәдениаралық қатынас);  құжаттар тілін жүргізу;  аударма;  БАҚ;  мәдениет;  өнер
  • Кәсіби қызмет нысаны
     жалпы білім беру және бейіндік мектептер  орта (гимназиялар, лицейлер) және арнаулы орта (колледждер, техникумдар) оқу орындары;  ғылыми-зерттеу мекемелері;  баспа ісінің қызметкері  бастауыш мектептер;  мамандандырылған мектептер;  БАҚ;  мәдениет саласының нысандары;  мамандықтың профилімен сәйкес келетін басқа да нысандар.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    қазақ тілі мен әдебиеті- білім беру бағдарламасының бітіруші түлегі төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: 1) оқыту; 2) тәрбиелеу; 3) әдістемелік; 4) зерттеушілік; 5) әлеуметтік-коммуникативтік; 6) баспа ісі; 7) аударма 8) іс қағаздарын жүргізуші; 9) ұйымдастыру-басқару. – қазақ тілі мен әдебиетін оқыту; – білім беру мекемелерінде тәлімгерлік қызметтер; – білім беру мекемелерінде әдіскерлік қызмет; – баспа өнімін әзірлеу, түзету, редакциялау; – лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология салаларында зерттеулер жүргізу; – мәдени-ағартушылық жұмыстар жүргізу; – ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асыру; – білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтік басқа да салаларында филологиялық білімді қажет ететін кәсіптік қызметтерді жүзеге асыру. – ресми-іскерлік құжаттарды дайындау; –білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру-басқарушылықәрекеттерді жүзеге асыру;
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
1 модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Бұл модуль әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білім, коммуникативтік іскерліктер, қоғам дамуының қазіргі заманғы үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану аспектілерді ашады.

2 модуль. Кадрларды психологиялық-педагогикалық және әдістемелік даярлау.

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Бұл модуль оқушылардың жеке, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен критериалды бағалаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдану мәселелерін оқуды қамтиды.

3 модуль. Мамандыққа фундаментальды дайындық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль пәндері «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша мамандану пәндері мен кәсіби қызметті табысты меңгеру үшін қажетті базалық білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Білім алушылар сыни және аналитикалық ойлау қабілеттері дамытады.

4 модуль. Лингвистикалық білім тарихы мен теориясы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль пәндері - білім алушыларды қазақ тіл білімінің теориялық негіздерімен, аспектілерімен таныстыруға бағытталған кешенді курс. Студенттер сыни ойлауды және лингвистикалық құбылыстарды талдау қабілеттерін дамытады, лексикологиялық, фонетикалық, стилистикалық талдау жасап, білімдерін іс жүзінде қолдана алады.

5 модуль. Әдебиет тарихы мен теориясы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль пәндері - әртүрлі дәуірлердің көркемдік құбылыстарын түсіндіруге, әдеби шығармаларды талдаудың теориялары мен әдістемелерін зерттеуге бағытталған білім беру бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі. Білім алушылар жалпы адамзаттық құндылықтарды айқындай отырып, түрлі жанрлардағы көркем шығармалардың құрылымын талдауды меңгереді.

6 модуль. Оқытудың әдіснамылық негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль пәндері қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғаліміне қажетті педагогикалық-әдістемелік білім беруге және оларды тиімді қолдана алу жолдарын меңгертуге бағытталған. Білім алушылар білім беру беру саласында табысты кәсіби қызмет етуі үшін қажетті педагогикалық құзыреттіліктерін дамытады.

7 модуль. Қазақ тілі мен әдебиеті саласы бойынша тереңдетілген теориялық дайындық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль пәндері қазақ тілі мен әдебиетінің негізгі теориялық тұжырымдарын меңгеруге, өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған. Білім алушылар өз бетімен танымдық бағытта ойлау қабілеттерін жетілдіріп, тілдік, әдеби-теориялық талдау жасай алады.

8 модуль. Қосымша мамандану пәндері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль пәндері қазақ тілі мен әдебиетін қазақ тілді емес топтарда оқыту әдістемесін, қазақ тілі мен орыс тілінің салғастырмалы грамматикасын меңгертуге бағытталған. Білім алушылар тиімді оқыту технологиясын бірізді және орынды қолдана алуды үйренеді.