• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ДИСНЕЙ ӘЛЕМІНДЕ

2023-02-19 | Құттықтау

“ЖАСТАР РУХЫ“ ұйымының жетекшілігімен “DISNEY WORLD”атты ауқымды да қайталанбас кеш өтті. Осыған орай жеті команда, жеті түрлі “DISNEY” мультфильмінің әнін шырқап, артынша қысқаша көрініс қойылды. Әр кейіпкердің рөлі, сырт киімдері, эмоциясы және актерлік шеберліктері-мультфильмнің түпнұсқасынан асып түсті десек те артық емес!🎭

Филология факультеті осы жылы “КҮЛШЕ ҚЫЗ” деп аталатын мультфильмды сомдады. Зұлым өгей шешесі мен оның қыздарының қыңырлығынан шаршаған Күлше қыз күндердің бір күнінде бақытты болуды армандады. Дәл бүгін Филология шаңырағынан өз бақытын кездестіріп, баянды ғұмыр кешті.

Бұл оқиғаның соңы шынымен де HAPPY END болғанын атап өту қажет, өйткені Филология факультеті бүгінгі өткен “DISNEY WORLD” сайысында 3-ші орынды иеленді! 🥉Қаншама еңбектің арқасында осындай жетістікке жетуіміздің өзі-үлкен бақыт!Ал, барша жеңімпаздарды бүгінгі жеңісімен құттықтаймыз!

Бөлісу