1 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
2023-03-05 | Жаңалықтар
”Алғыс айту күніне” орай шетел тілі: екі шетел тілі ББ бағдарламасының 3-ші курс студенттері, ДЯ-002 тобы, кураторлық сағат өткізді. «Алғыс жүректен шығады» атты тренинг өткізіліп, студенттер алғыс айтудың қадір-қасиетін, өзара жылы қарым-қатынасты талқылады.
Сондай-ақ, студенттер «Қайырымдылық тәжірибесі» әдісін көрсетіп, бір-біріне және кураторы Әсем Шаяхметқызына жылы лебіздерін білдіріп, ризашылықтарын білдірді. Бұл тәжірибе адамдар арасында достық қарым-қатынас орнатуға және жалпы адамзаттық құндылықтарды дамытуға көмектеседі.